ҚАЗақша   РУСский   ENGlish  


logo
 

Ішіндегісі

Зертхананың дамуына университеттің қосқан үлесі

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ «Наноинженерлі зерттеу әдістері» инженерлі бейінді зертханасы құрылғаннан бастап оның тиімді жұмыс істеуі үшін көп көңіл бөліп, қажетті жабдықтар мен материалдық заттармен қамтамасыз етіп келеді. 2007 жылы зертхананың барлық бөлмелерінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді: қабырғалар сыланып, сулы-эмульсиялық бояумен сырланды, пластикалық терезелер мен есіктер орнатылды, едендерге кафельдер мен линолеумдар төселді, барлық қажетті коммуникациялар тартылып, жаңартылды (суық су, жылу жүйесі, кәріз жүйелері, жарықтандыру), ауаны желдету және салқындату жүйелері орнатылды, автоматты түрде өрт сөндіру жүйелері мен күзет дабылдары қойылды. Зертхананы жабдықтау үшін қажетті кеңселік жиһаздар сатылып алынды, зертхананың мәжіліс залы дөңгелек мәжіліс үстелімен және жұмсақ орындықтармен жабдықталды, зертхананың интерактивті сыныбында интерактивті тақта мен бейнепроектор орнатылды, интернетке қосылған 6 компьютр қойылды. Бұдан бөлек «ЛаборФарма» ЖШС келісім-шарт негізінде зертхана қажетті зертханалық жиһаздармен жабдықталды.
2011 жылы университет қаражаты есебінен 37 млн. теңгеге жаңа шетелдік жабдықтар, атап айтқанда ресейлік «Инфраспек» фирмасының ФСМ-1201 инфрақызыл спектрометрі және швециялық Perten Instruments компаниясының Diode Array-7200 екі сәулелі диодты инфрақызыл талдағышы сатып алынды. Бұл зертхананың жүргізетін талдау жұмыстарының аясын біршама кеңейтуге мүмкіндік берді.
2012 жылы 87,46 млн. теңге универсиет қаржысы есебінен зертханаға тамақ өнімдерін зерттеу бағытындағы швециялық, даниялық, итальяндық және француздық жаңа жабдықтар сатылып алынды. Жаңа жабдықтар туралы мәлімет кестеде келтірілген. 
 
 
Жабдықтар атауы Өндіруші Шыққан жылы Бағасы, млн. теңге
1 Балға тұрпатты зертханалық диірмен LM 120 Perten Instruments, Швеция 2011 3,05
2 Жем, дәндер, ұн, тамақ өнімдерінің талдағышы 9140 Perten Instruments, Швеция 2011 7,32
3 Ұн құрамындағы желімтек көрсеткіштерін анықтауға арналған жүйе Глютоматик 2100/2200 Perten Instruments, Швеция 2011 6,1
4 Къельдаль бойынша ақуыз анықтау жүйесі UDK-149 Velp Scientific, Италия 2011 4,99
5 Миксер RN – 10 A/S Wodschow, Дания 2012 0,795
6 Өндірістік ұсақтауды моделдейтін зертханалық диірмен Cd-1 Chopin Instruments, Франция 2012 11,56
7 Қамыр ферментациясын бақылау жүйесі Rheo F3 Chopin Instruments, Франция 2012 6,10
8 Сокслет бойынша майды анықтауға арналған экстракциялық аппарат SER148/3 Velp Scientific, Италия 2012 2,93
9 Венде әдісі бойынша шикі жасымықты анықтауға арналған аппарат Fiwe-3 Velp Scientific, Италия 2012 3,47
10 Нан және кондитер өнімдерінің көлемін электрондық өлшегіш BVM-370 TexVol,
Швеция
2012 8,93
11 Текстура талдағыш TVT-300XP TexVol,
Швеция
2012 8,50
12 Конвекциялық, ротациондық шағын пеш S400 Sweba-Dahlen, Швеция 2012 6, 95
13 Ұнның және қамырдың реологиялық және консистографиялық сипаттамаларын анықтауға арналған жүйе Альвео-консистограф NG Chopin Instruments, Франция 2012 14,68
14 Зертханалық диірмен LM – 3100
 
Perten Instruments, Швеция 2012 3,055
  Барлығы     87,46
 
 


 
 

Байланысу


Адрес Казахстан, Тараз, ул. Толе би, 60, корпус 2.1
Телефоны +7 (7262) 45-35-10, fax +7 (7262) 43-24-02
E-mail bekbasarov.isabai@mail.ru
 
При использовании материалов с сайта обратная ссылка обязательна!
© - Наноинженерные методы исследований

Разработано: Агентство "5-й Элемент"
  • 178
  • 7
  • 5

Наверх