ҚАЗақша   РУСский   ENGlish  


logo
 

Ішіндегісі

ҒЗЖ нәтижелерін тәжірибелік қолдану

2011-2012 жылдары алынған зертхананың ҒЗЖ нәтижелері «Рахмет» ЖШС, «Сенімділік» ҒӨО, «ARNA Проект» ЖШС енгізілді.
«Рахмет» ЖШС «Наноқұрылымданға дәнді және бұршақты дақылдарды  пайдалана отырып функционалды мақсаттағы тамақ дайындау және технологиясын жасау» тақырыбы бойынша орындалған ҒЗЖ негізінде дайындалған келесі нұсқамалық құжаттар енгізілді:
1) Арпа дәнінің наноқұрылымданған ұнын қолдана отырып тағамдық құндылығы арттырылған нан өнімдерін өндіру бойынша технологиялықө нұсқаулық;
2) Сұлы дәнінің наноқұрылымданған ұнын қолдана отырып тағамдық құндылығы арттырылған нан өнімдерін өндіру бойынша технологиялықө нұсқаулық.
«Сенімділік» ҒӨО «Жаңашыл геотехникалық конструкциялар және құрылыс үшін оларды дайындау технологияларын жасау» тақырыбы бойынша жүргізілген ҒЗЖ нәтижелері пайдаланылды. Темірбетон қадаларының күш түскен жағдайын болжау үшін жобалау кезеңінде зертхана мамандары алған корреляциялық байланыстар пайдаланылды. Бұл жобаланып жатқан ғимараттың қадалы іргетасын көтері үшін қағылатын қадалардың оңтайлы маркасын таңдауға мүмкіндік жасады.
«ARNA Проект» ЖШС өндірістік әрекетіне  ҒӨО «Жаңашыл геотехникалық конструкциялар және құрылыс үшін оларды дайындау технологияларын жасау» тақырыбы бойынша жүргізілген ҒЗЖ нәтижелері пайдаланылды. Қадалардың жүк көтергіш қабілетін есептеу үшін зертхана мамандары жасаған, қадаларды динамикалық сынау әдістемесі қолданылды, бұл көпір өткелінің астына қағылатын қаданың есептік жүктемесінің дәлдігін жоғарылатуға мүмкіндік берді.
Тамақ өндірісі ҒЗИ жұмысына және «Тамақ өнімдерінің технологиясы» кафедрасының оқу үрдісіне «Өсімдік тектес шикізаттың композитті қоспаларын пайдалану негізінде ұлттық қышқыл сүттік сусындар өндіру технологиясын жасау» тақырыбы бойынша орындалған ҒЗЖ нәтижелері енгізілді. Рычаг тұрпатты қондырғыны пайдалану арқылы көлемді сығу жағдайында сусымалы дәнді шикізаттың жылжығыштығын сынау бойынша  зертханалық жұмыс дайындалып, білімгерлердің зертханалық жұмыстарын орындау кезінде қолданылады. ҒЗЖ нәтижелерін коммерцияландыруды қамтамасыз ету және қызметтер көрсету аясында 2012 жылы зертхана «Тамақ өнеркәсібінің аймақтық кәсіпорындары мен ұйымдарының өзекті міндеттері» тақырыбымен Жамбыл облысының кәсіпкерлері үшін дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өткізілді. Дөңгелек үстел жұмысына  «Казагрэкс» АҚ ЖФ, «Зарзамин» ЖШС, «Ақнан» ЖШС, «Төлебай-Май» ЖШС, «Шолкаров» ЖК және т.б. өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел барысында тамақ және қайта өңдеу өнеркәсіптерінің бірқатар өзекті проблемалары талқыланды, кәсіпкерлер зерттеудің жаңа әдістерімен және зертхананың ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысты.
«Наноқұрылымданған дәнді және бұршақ тұқымдас дақылдарды пайдалана отырып функционалды мақсаттағы тамақ өнімдерін жасау және технологияларын дайындау» тақырыбы бойынша ТарМУ «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» кафедрасының оқу үрдісіне келесі жұмыстар енгізілді:
1) «Дәнді және бұршақ тұқымдас дақылдардың аса ұсақ майдаланған ұнының түрлі мөлшерлемелерін енгізу кезінде бисквитті қамырдың физико-химиялық көрсеткіштерін зерттеу» тақырыбы бойынша «Кондитер өндірісінің технологиясы» пәнінен студенттер үшін және «Функционалды тамақ өнімдерін өндіру кезінде инновациялық әрекет және түзу концепциясы» пәнінен  магистранттар үшін зертханалық жұмыс орындауға әдістемелік нұсқау;
2) «Биотехнологиялық тектес ақуызды өнімдер қоспаларын нан өнімдерін ақуызбен және нутриенттермен байыту үшін нан сапасына әсерін зерттеу» тақырыбы бойынша «Наубайханалық өндіріс технологиясы», «Тағамдық биотехнология», «Нан биотехнологиясы» пәндерінен студенттер үшін, сондай-ақ «Функционалды тамақ өнімдерін өндіру кезінде инновациялық әрекет және түзу концепциясы» пәнінен  магистранттар үшін зертханалық жұмыс;
3) «Дәнді және бұршақ тұқымдас дақылдар ұнының арнайы түрлерінен композитті қоспалардың түрлі мөлшерлемелерін енгізу кезінде наубайханалық қамырдың физико-химиялық көрсеткіштерін зерттеу» тақырыбы бойынша «Нан технологиясы» пәнінен студенттер үшін, «Функционалды тамақ өнімдерін өндіру кезінде инновациялық әрекет және түзу концепциясы» пәнінен  магистранттар үшін зертханалық жұмыс.
«Геотехникалық конструкциялар мен оларды жасау технологияларын құрылыс үшін дайындау» тақырыбы бойынша зерттеулер нәтижелері мынаған енгізілген:
1) «КазНИИСА» АҚ Тараз филиалының норма дайындау әрекетінде пайдалану үшін филиалдың ҒЗЖ нәтижелерінің ақпараттық базасына енгізілген. Іргетастарды енгізілуіне, энергия сыйымдылығына және жүк көтеру қабілетіне байланысты оңтайлы пішіндері бойынша тоқпақталған қазаншұңқырларда таңдау бойынша ұсыныстар тоқпақталған қазаншұңқырлардағы іргетастардың нормативті базасын жетілдіру кезінде пайдаланылатын болады;
2) «КазНИИСА» АҚ Оңтүстік-Қазақстан филиалының норма дайындау немесе жобалау әрекетінде пайдалану үшін филиалдың ҒЗЖ нәтижелерінің ақпараттық базасына енгізілген. Қағылатын темірбетон қадаларды енгізілуіне, энергия сыйымдылығына және жүк көтеру қабілетіне байланысты оңтайлы пішіндері мен өлшемдері бойынша таңдау ұсыныстары қадалы іргетастарда ғимараттар мен құрылымдар жобалау және тұрғызу барысында нормативті базаны жетілдіру үшін пайдаланылатын болады.
«Өсімдік тектес шикізаттардың композитті қоспаларын пайдалану негізінде ұлттық қышқыл сүттік сусындар өндіру технологиясын жасау» тақырыбы бойынша «Заң» ЖШС өндірістік жұмысына консерванттарсыз ұзақ сақталатын қымыз дайындау тәсілі енгізілді.

 



 
 

Байланысу


Адрес Казахстан, Тараз, ул. Толе би, 60, корпус 2.1
Телефоны +7 (7262) 45-35-10, fax +7 (7262) 43-24-02
E-mail bekbasarov.isabai@mail.ru
 
При использовании материалов с сайта обратная ссылка обязательна!
© - Наноинженерные методы исследований

Разработано: Агентство "5-й Элемент"
  • 178
  • 7
  • 5

Наверх