ҚАЗақша   РУСский   ENGlish  


logo
 

Ішіндегісі

Конкурстар мен көрмелерге қатысу


Қаржыландыру конкурстарына қатысу

  
Зертхананың ғылыми жобалары жыл сайын инновациялық жобаларды қаржыландыру бойынша конкурстарға қатысады. 2013 жылы гранттық қаржыландыру конкурсына зертханадан 3 жоба жіберілді, олар жайлы толық мәлімет кестеде келтірілген.

 
Конкурс түрі Өтінімдер саны Ұсынылған жобаны аты Жоба авторы Қаржыландыру сомасы
ҚР БҒМ Ғылым комитетінің 2013-2015 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру бойынша конкурс 1 Аса ұсақ майдаланған дәнді және бұршақты дақылдардың композитті қоспаларын пайдалана отырып функционалды мақсаттағы нан және нан өнімдерін дайындаудың технологиясын жасау Горбатовская Н.А., т.ғ.к., профессор 15,0 млн.
теңге
ҚР БҒМ Ғылым комитетінің 2013-2015 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру бойынша конкурс 1 Теңіз мұнай кенорнының мұнайлы күкіртінен күкіртқұрамдас инсектофунгицидтер алу технологиясын дайындау Садиева Х.Р., т.ғ.к., доцент 12,0 млн.
теңге
ҚР БҒМ Ғылым комитетінің 2013-2015 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру бойынша конкурс 1 Текстиль материалдарын бояудың инновациялық технологиясы Баданов К.И., т.ғ.к., профессор, Маханбеталиева К.Т., PhD докторы 10,0 млн.
теңге
 
 
 
Көрмелерге, телетүсірілімдерге қатысу


Зертхананың ғылыми жобалары түрлі деңгейдегі көрмелер мен конкурстарға тұрақты түрде қатысып келеді, ал зертхананың ғалымдары өңірлік және республикалық деңгейдегі телебағдарламалар мен тележобалар түсірілімінде белсенді қатысушылары болып табылады. 
2013 жылдың 20-22 ақпанында зертхана Астана қаласында «Көрме» КО өткен «Білім және ғылым-2013» 10 халықаралық қазақстандық көрмеге қатысты (суреттерін көру).
2013 жылдың 15 наурызында зертхананың 4 жобасы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Г.Н. Есқалиевтың қатысуымен өткен инновациялық жобалар көрмесінде ұсынылды (суреттерін көру).  
2013 жылдың 9-11 сәуір аралығында зертхананың жобалары Алматы қаласында «Атакент» КО өткізілген «Білім және мансап-2013» 14 халықаралық қазақстандық көрмесінде қойылды (суреттерін көру).
2013 жылы 30 мамырда зертхананың 4 инновациялық жобасы Жамбыл облысының әкімі Қ.А. Бозымбаевтың қатысуымен өткен «Қазақстанның үздік тауары-2013» өңірлік конкурсының аясында ұйымдастырылған көрмеге қатысты (суреттерін көру).
2013 жылы 10 маусымда «Теңіз мұнай кенорнының мұнайлы күкіртінен күкіртқұрамдас инсектофунгицидтер алу технологиясын дайындау» тақырыбындағы зертхананың жобасы «ТДҰА» АҚ ұйымдастыруымен өткен «Инновациялық форсаж-2013» бағдарламасының аясында ұйымдастырылған инновациялық жобалар көрмесіне қатысты (суреттерін көру).
2013 жылдың 17-18 қаңтары күндері зертханада «Білім» республикалық телеарнасының «Эйнштейн ізімен» атты телебағдарламасының түсірілімі ұйымдастырылып, зертхана орындалып жатқан ғылыми жобалар қатысты (бейнежазбаны көру).
2013 жылдың 7 наурызында зертхана қызметкерлері «Қазақстан-Тараз» РТРК» АҚ облыстық телеарнасының «Сіз не дейсіз?» деген телебағдарламасына қатысып, Жамбыл облысының ұлттық қышқыл сүттік сусындар өндірісін дамыту проблемалары мен келешегі мәселелері бойынша интервьюлер берді (бейнежазбаны көру).
2013 жылдың 12 маусымы күні «Наноқұрылымданға дәнді және бұршақты дақылдарды  пайдалана отырып функционалды мақсаттағы тамақ дайындау және технологиясын жасау» тақырыбы бойынша «24 kz» республикалық телеарнасының мамандары телетүсірілім ұйымдастырды (бейнежазбаны көру).
2013 жылы 15 шілдесінде зертхана «Заң» ЖШС бірлесе отырып «Жамбыл облысындағы қымыз өндірісі: жағдайы, проблемалары және даму келешегі» тақырыбында аймақтық семинар-мәжілісін өткізді.
2013 жылы 12 қыркүйекте зертхананың ғылыми жетістіктерінің нәтижелері Жамбыл облысының әкімі Қ. Бозымбаевтың университетке келуіне орай ұйымдастырылған ғылыми жетістіктер көрмесіне қойылды.
2013 жылдың 31 қазанында зертхана «Заң» ЖШС қатысуымен «Қымыз» 1 республикалық форумын өткізді, оған Ресей, Түркия, Қырғызстан, сондай-ақ Қазақстанның түрлі өңірлерінің өкілдері қатысты. 
2013 жылдың 9-11 қарашасында зертхананың 6 қызметкері НЭПК «Союз Атамекен» және «Atamekenstartup» ҚҚ бірлесіп ұйымдастырған республикалық конкурсына 3 бизнес жобаларымен қатысты. Конкурс нәтижесінде 2 жоба конкурс финалына өтті.

 
 

Байланысу


Адрес Казахстан, Тараз, ул. Толе би, 60, корпус 2.1
Телефоны +7 (7262) 45-35-10, fax +7 (7262) 43-24-02
E-mail bekbasarov.isabai@mail.ru
 
При использовании материалов с сайта обратная ссылка обязательна!
© - Наноинженерные методы исследований

Разработано: Агентство "5-й Элемент"
  • 178
  • 7
  • 5

Наверх