ҚАЗақша   РУСский   ENGlish  


logo
 

Ішіндегісі

Теңіз кенішінің мұнайлы күкіртінен күкіртқұрамдас инсектофунгицидтер алу


ТЕҢІЗ МҰНАЙ КЕНОРНЫНЫҢ МҰНАЙЛЫ КҮКІРТІНЕН КҮКІРТҚҰРАМДАС ИНСЕКТОФУНГИЦИДТЕР АЛУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ДАЙЫНДАУ
 
Орындаушылар: аға ғылыми қызметкер – 1,  магистрлар – 2,  студенттер – 2.  

Жоба сипаттамасы: Жоба Теңіз мұнай кенорнының шикізаты – теңіз күкіртінен және күкіртсутектен сілтілі металлдардың сульфидтерін, полисульфидтерін және тиосульфаттарын синтездеу технологиясын жасауды, сонымен қатар алынған өнімді химия, мұнай-химия, жеңіл, тамақ, целлюлоза-қағаз, былғары, металлургия өнеркәсіптерінде және ауыл шаруашылығында инсектофунгицидтер ретінде пайдалануды  қарастырады.
 
Қол жеткен нәтижелер:
- Теңіз мұнай кенорнының мұнайлы шикізаты – теңіз күкіртінің күкіртқұрамдас қалдықтарының химиялық құрамы анықталды;
- теңіз күкіртінің сілтілік және сілтілік-жер ерітінділерінде еру үрдісі зерттелді және элементті күкірт үшін өнімнің шығымы 1,5-2 есе жоғары екені анықталды;
- теңіз күкірті негізінде тиоқосылыстар алудың технологиясы ұсынылды;
- сілті әсерінің қарқындылығы гидроксид-иондардың күкірт атомдарын белсендету қабілетімен түсіндірілетіні анықталды.
 
Күтілетін нәтижелер:
- Теңіз күкіртінен натрийдің сульфидтерін, полисульфидтерін және тиосульфаттарын алудың оңтайлы технологиясы дайындалатын болады;
-  алынған күкіртқұрамдас қосылыстардың (сольбар, әкті күкірт қайнатпасы) өсімдік зиянкестерімен күресу үшін инсектофунгицидтер ретінде қолдану мүмкіндігі зерттеледі;
- күкіртқұрамдас қосылыстардың былғарыны, кен флотациясы және металл бұйымдарының коррозияға қарсы өңдеу үшін пайдалануға ұсыныстар дайындалады.
 
  
Натрийдің сульфиді мен полисульфидін синтездеу
 
                      


Өсімдік зиянкестері
 
 

 Кальций сульфиді мен полисульфидін синтездеу және олармен өсімдіктерді өңдеу
 

Байланысу


Адрес Казахстан, Тараз, ул. Толе би, 60, корпус 2.1
Телефоны +7 (7262) 45-35-10, fax +7 (7262) 43-24-02
E-mail bekbasarov.isabai@mail.ru
 
При использовании материалов с сайта обратная ссылка обязательна!
© - Наноинженерные методы исследований

Разработано: Агентство "5-й Элемент"
  • 188
  • 5
  • 3

Наверх