ҚАЗақша   РУСский   ENGlish  


logo
 

Ішіндегісі

Озық геотехникалық конструкциялар дайындау


ОЗЫҚ ГЕОТЕХНИКАЛЫҚ КОНСТРУКЦИЯЛАР ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ҮШІН ОЛАРДЫ ЖАСАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ДАЙЫНДАУ
 
Орындаушылар: аға ғылыми қызметкер – 1, инженерлер – 2, студенттер – 3.

Жоба сипаттамасы: Жоба келесі іргетастық конструкцияларды дайындауды, тәжірибелік жасауды және эксперименталдық зерттеуді қарастырады:
- темірбетон қадаларының соққыға тұрақты конструкциялар;
- жаңа ресурс үнемдейтін құрамалы темірбетон қадалары, оларды дайындаудың және  жерге қағудың технологиялары;
-  жүк көтергіш қабілеті арттырылған жаңа құрамдасқан қадалы іргетастар (тоқпақталған орындардағы ростверктері бар қадалы іргетастар) және оларды орналастыру технологиялары.
 
Қол жеткен нәтижелер:
- полибетонды және беріктігі күшейтілген темірбетон қадаларын, сондай-ақ діңгегі кеңейтілген және тік кескіндері бар қадалар жасау принциптері ұсынылды;
- беріктігі күшейтілген қадалардың беріктігі әртүрлі аймақтарының ұзындығы және бетон класы бекітілді;
- балға соққысы күшінің қаданың бас жағынан оның жанына беруді қамтамасыз ететін қада басқалпағының жаңа конструкциясы ұсынылды;
- түрлі динамикалық жүктемелер кезінде топырақтардың оңтайлы ылғалдығы мен максималды тығыздығын анықтайтын топырақтарды соққылап тығыздау құралы дайындалып, жасалды;
- штамптар мен қадалардың модельдері, сондай-ақ қазаншұңқырлар тығыздау және қадалар қағу бойынша эксперименттер жүргізу үшін зертханалық жабдықтар жинағы  дайындалды және жасалды.
Күтілетін нәтижелер:
- құрылыс нысандары үшін соққыға берік темірбетон қадаларының жұмыс сызбалары және тәжірибелік даналары дайындалатын болады;
- жаңа ресурс үнемдейтін темірбетон қадаларының (беріктігі күшейтілген, полибетонды, діңгегі кеңейтілген және тік кескіндері бар) жұмыс сызбалары және тәжірибелік даналары дайындалатын болады;
- құрамдалған қадалы іргетастардың жұмыс сызбалары және тәжірибелік даналары дайындалатын болады;
- жоғарыда келтірілген жаңа іргетастыққ конструкцияларды құрылыста қолдану үшін Техникалық нұсқаулықтар (Ұсыныстар) дайындалатын болады.

            Тоқпақталған қазаншұңқырлардағы іргетастарды зерттеу үшін топырақтарды динамикалық тығыздау құралы және ленталық штамптар моделдері
 
     
 Топырақ астауы, ілмелі зертханалық жабдық және қадалар моделдері
 
  Қада басқалпағының және беріктігі күшейтілген қаданың сұлбалары
 
         
 
Топырақтардың физикалық сипаттамаларын анықтау
 

Байланысу


Адрес Казахстан, Тараз, ул. Толе би, 60, корпус 2.1
Телефоны +7 (7262) 45-35-10, fax +7 (7262) 43-24-02
E-mail bekbasarov.isabai@mail.ru
 
При использовании материалов с сайта обратная ссылка обязательна!
© - Наноинженерные методы исследований

Разработано: Агентство "5-й Элемент"
  • 188
  • 5
  • 3

Наверх