ҚАЗақша   РУСский   ENGlish  


logo
 

Ішіндегісі

Ұлттық қышқыл сүттік сусынды өндіру технологиясын дайындау


ӨСІМДІК ТЕКТЕС ДӘНДІ ШИКІЗАТТЫҢ КОМПОЗИТТІ ҚОСПАЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ НЕГІЗІНДЕ ҰЛТТЫҚ ҚЫШҚЫЛ СҮТТІК СУСЫН ӨНДІРУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖАСАУ
 
Орындаушылар: аға ғылыми қызметкер – 1, инженерлер – 1, магистранттар – 2, студенттер – 3.

Жобаның сипаттамасы: Жоба эксперименталдық қондырғыларды дайындауды және жасауды, сонымен қатар мынадай шараларды қарастырады:
- концентрат рецептурасы мен сусын дайындаудың технологиялық режимдерін жасау;
- қышқыл сүттік сусын өндірудің технологиялық сұлбасын дайындау;
- ұлттық қышқыл сүттік сусын өндірудің шағын технологиялық желісін дайындау және жасау.

Қол жеткен нәтижелер:
- қышқыл сүттік сусын концентратының гранулометриялық құрамы, себілу тығыздығы және т.б. сияқты физикалық-механикалық сипаттамалары анықталды;
- арпа жармасы негізіндегі сусынның уақытқа байланысты қышқылдық саны анықталды;
- жылжудың шекті кернеуін анықтауға арналған эксперименталдық қондырғы дайындалып, жасалды;
- бір ості сығу жағдайында қоспаның әрекетін зерттеу үшін эксперименталдық қондырғы дайындалып, жасалды;
- дәнді шикізатты ұсақтау үшін ұсақтағыштың тәжірибелік үлгісі дайындалды.
 
 Эксперименталдық қондырғылар
 
    
 Қышқыл сүттік сусынның сапалық көрсеткіштерін анықтау көріністері
 
Күтілетін нәтижелер:
- концентраттың реологиялық моделі, гранулометриялық құрамның сипаттамасының, себілу тығыздығының, сығымдалуының, серпімділік модулінің, созылмалылығының және т.б. мәндері алынатын болады;
- сусынның рецептурасы мен оны дайындаудың техникалық шарттары алынады, сусын концентратының тағамдық құндылығы, дәрумендік және минералдық құрамы «Excel» бағдарламасының көмегімен жүзеге асырылады;
- технологиялық сұлба (жобалық құжаттама) әзірленетін болады;
- ұлттық қышқыл сүттік сусын дайындау бойынша шағын габаритті технологиялық желі жасалатын болады.
 
 

Байланысу


Адрес Казахстан, Тараз, ул. Толе би, 60, корпус 2.1
Телефоны +7 (7262) 45-35-10, fax +7 (7262) 43-24-02
E-mail bekbasarov.isabai@mail.ru
 
При использовании материалов с сайта обратная ссылка обязательна!
© - Наноинженерные методы исследований

Разработано: Агентство "5-й Элемент"
  • 188
  • 5
  • 3

Наверх