ҚАЗақша   РУСский   ENGlish  


logo
 

Ішіндегісі

Наноқұрылымданған дәнді және бұршақты дақылдарды пайдалана отырып тамақ өнімдерін жасау



НАНОҚҰРЫЛЫМДАНҒАН ДӘНДІ ЖӘНЕ БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ФУНКЦИОНАЛДЫ МАҚСАТТАҒЫ ТАМАҚ ӨНІМДЕРІН ЖАСАУ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ДАЙЫНДАУ
 
Орындаушылар:  аға ғылыми қызметкерлер – 4, инженерлер – 2, магистранттар – 2, студенттер – 6.

Жобаның сипаттамасы: Жоба наубайханалық бидай ұнының наноқұрылымданған дәнді және бұршақ дақылдарының композитті коспаларын, жартылай дайын өнімдердің, дайын өнімдердің және жаңа дайындалған дайын өнімнің алғашқы партияларын шығару бойынша рецептуралар мен технологиялар дайындауды және эксперименталдық зерттеулер жүргізуді қарастырады, атап айтқанда:
- тағамдық құндылығы жоғарылатылған функционалдық мақсаттағы нан және нан өнімдерін;
- тағамдық құндылығы жоғары диеталық нан таяқшаларын;
- тағамдық құндылығы арттырылған функционалдық мақсаттағы ұнды кондитер өнімдерін.
Зерттеу жұмыстары шетелдік ірі фирмалар  – Perten Instruments (Швеция); Chopin Instruments (Франция); TexVol (Швеция); Velp Scientific (Италия); Analytik Jena; KYOTO Electronics (Жапония) және т.б. өндірушілер шығарған жаңа заманауи құралдармен жабдықталған зертханаларда жүргізіледі
 

Perten Instruments (Швеция) фирмасының заманауи жабдықтарында
тамақ шикізатының, жартылай дайын өнімнің және дайын өнімнің сапасын талдау
 
Қол жеткізген нәтижелер:
- өсімдік ұнтақтарының ерекше түрі ретіндегі наноқұрылымданған дәнді және бұршақ дақылдарының (сұлы, арпа, қарабидай, тары, күріш, жүгері, асбұршақ және бидай кебегі) және наноқұрылымданған дәнді және бұршақ дақылдарының наубайханалық бидай ұнының қоспалары енгізілген композитті қоспаларының микроқұрылымы, сапалық сипаттамалары, физикалық-биологиялық қасиеттері зерттелді;
 

Бидай дәнінің микроқұрылымы
 

Дәстүрлі ұнтақталған бидай ұны мен наноқұрылымданған (аса ұсақ майдаланған) қарабидай мен асбұршақ дәндерінің микроқұрылымы

- сұлы, арпа дақылдарының наноқұрылымданған қоспаларының қамырдың әртүрінің құрылымдық-механикалық және физикалық-химиялық сапа көрсеткіштеріне әсері зерттелді;
- сұлы, арпа дақылдарының наноқұрылымданған қоспалары қосылған дайын өнімдердің тағамдық, энергетикалық құндылықтары анықталды;
- сұлы, арпа дақылдарының наноқұрылымданған қоспалары қосылған тамақ өнімерін (нан, диеталық нан таяқшалары, ұнды кондитер өнімдері) өндірудің рецептуралары, технологиялары және технологиялық режимдері дайындалды;
- ұзақ сақтау кезінде сандық-сапалық көрсеткіштерін сақтау үшін және тамақ концентраттары өнеркәсібінде құрғақ күйдегі компоненті ретінде пайдалануға болатын таблеткалар жасау үшін дәнді және бұршақ дақылдарының наноқұрылымданған материалдарын механикалық өңдеу үрдісі (таблеткалау) зерттелді;
 

 
      Дәнді дақылдардың наноқұрылымданған ұнтақтарын таблеткалау
 
- «Олжа» шаруа қожалығының наубайханасында сұлы дәнінің наноқұрылымданған қоспалары енгізілген нанның алғашқы тәжірибелік партиясы шығарылды;
- «Рахмет» ЖШС наубайханасында сұлы дәнінің наноқұрылымданған қоспалары енгізілген қантты печеньенің және арпаның наноқұрылымданған қоспалары қосылған багеттердің (нан өнімдерінің) алғашқы тәжірибелік партиялары өндірілді;
 
 

Функционалдық мақсаттағы жаңа тамақ өнімдерінің тәжірибелік партиясының үлгілері

Күтілетін нәтижелер:
- дәнді және бұршақ дақылдарының ұсақталған дәстүрлі түрлерімен салыстыра отырып наноқұрылымданған дәнді және бұршақ дақылдарының құрылымдық-механикалық, физикалық-химиялық қасиеттері анықталатын болады;
- наноқұрылымданған дәнді және бұршақ дақылдарының қоспаларын енгізу есебінен биохимиялық және биологиялық қасиеттері белгіленген функционалдық мақсаттағы тамақ өнімдерін алудың рецептуралары мен технологиялары дайындалатын болады;
- наноқұрылымданған дәнді және бұршақ дақылдарының қоспаларын пайдалану арқылы дайын өнімге техникалық шарттар мен технологиялық нұсқаулықтар әзірленетін болады;
- функционалдық және емдік-профилактикалық тамақтану үшін жаңа жасалған келесі дайын өнімдердің тәжірибелік партиялары шығарылатын болады:
- тағамдық құндылығы жоғары нан және нан өнімдері;
- тағамдық құндылығы арттырылған диеталық нан таяқшалары;
- тағамдық құндылығы жоғарылатылған ұнды кондитер өнімдері.
Жобаның инновациялық және бәсекеге қабілетті артықшылықтары өмірге қажетті нутриенттердің сіңімділігімен, тағамдық құндылығымен, биохимиялық және биологиялық қасиеттерімен дәстүрлі өнімдерден ерекшеленетін, дәнді және бұршақ дақылдарының наноқұрылымданған қоспаларын пайдалану негізінде функционалдық және емдік-профилактикалық мақсаттағы жаппай сұраныстағы жаңа тамақ өнімдерінің кеңейтілген ассортиментін алу бойынша рецептуралар мен технологиялар дайындауда болып табылады.
 
 
 
 

Байланысу


Адрес Казахстан, Тараз, ул. Толе би, 60, корпус 2.1
Телефоны +7 (7262) 45-35-10, fax +7 (7262) 43-24-02
E-mail bekbasarov.isabai@mail.ru
 
При использовании материалов с сайта обратная ссылка обязательна!
© - Наноинженерные методы исследований

Разработано: Агентство "5-й Элемент"
  • 188
  • 5
  • 3

Наверх