ҚАЗақша   РУСский   ENGlish  


logo
 

Ішіндегісі

Мақсаттары, міндеттері, функциялары


Зертхананың жұмыс мақсаты
 
«Ә.С. Ахметов атындағы Наноинженерлі зерттеу әдістері» инженерлі бейінді ғылыми-зерттеу зертханасының мақсаты тамақ инженериясы, құрылыс өндірісі, химия саласы, жеңіл және текстиль өнеркәсібі салаларында зертхананың материалдық-техникалық және мамандарының әлеуетін тиімді пайдалану негізінде алдыңғы қатарлы технологиялар құру бойында теориялық және эксперименталдық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу болып табылады.
 
Зертхананың негізгі міндеттері
 
«Ә.С. Ахметов атындағы Наноинженерлі зерттеу әдістері» инженерлі бейінді ғылыми-зерттеу зертханасының негізгі міндеттері мынадай:
- ғылыми және ғылыми-техникалық, соның ішінде ғылымның және технологиялық дамудың басым бағыттары бойынша фундаменталды және қолданбалы бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруға ықпал жасау, ғылыми бағыттардың тиісті салаларында магистерлік, докторлық диссертациялық жұмыстарды дайындауға көмек көрсету;
- жаңа білім мен технологияларды тарату;
- білімгерлерді, магистранттарды, докторанттар мен жас ғалымдарды ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулу;
- отандық және шетелдік университеттер мен ғылыми орталықтармен бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу;
- жоғары технологиялар секторына инвестициялар тарту мақсатында ғылыми және ғылыми-техникалық жұмыстардың нәтижелерін коммерциаландыру үшін жағдайлар жасау;
- мемлекеттік-жеке серіктестіктің механизмдерін дамытуға ықпал ету;
- ғылыми және ғылыми-техникалық сипаттағы мәселелерді шешу үшін құрал-жабдықтарды тиімді пайдалану;
- халықаралық ғылыми-техникалық әрекеттерге қатысу.
 
 
Зертхана функциялары
 
«Ә.С. Ахметов атындағы Наноинженерлі зерттеу әдістері» инженерлі бейінді ғылыми-зерттеу зертханасының негізгі функцияларына мыналар жатады:
- ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
- ҒЗЖ жүргізу бойынша әдістемелерді, бағдарламаларды, жобаларды және реттеуші құжаттамаларды дайындау және жетілдіру;
- ҒЗЖ жүргізу кезінде, бұйымдардың, материалдардың және технологиялық үрдістердің жаңа үлгілерін тәжірибелік тексеру кездерінде әдістемелік және кеңес беру көмектерін көрсету;
- орындалатын жұмыстардың жоғары тиімділігін қамтамасыз ету, бекітілген тиісті тапсырмалар мен бағдарламаларға сәйкес ҒЗЖ уақытылы және сапалы орындалуын бақылау;
- зияткерлік меншік құқығы, мемлекеттік және коммерциялық құпияларды қорғау жайындағы ҚР заңнамаларының талаптарын сақтай отырып ҒЗЖ туралы ақпараттарды жинау, сақтау және жүйелеу;
- зертхана қызметкерлерінің біліктілігін жоғарылату, сондай-ақ оларды дайындау және қайта даярлау.
 
Бейінді зертханалардың келесі функциялары бар:
 
Бейінді зертхананың атауы Негізгі функциялары
Электродық микроскопия және рентгенді микроталдау зертханасы 1) Құрылымы мен құрамын зерттеу үшін қатты және сусымалы заттардың үлгілерін дайындау.
2) Материалдар үлгілерін растрлі электрондық микроскопта зерттеу және оларға рентгендік микроталдау жүргізу.
Тамақ өнімдерін физикалық-химиялық талдау әдістері зертханасы 1) Тамақ шикізаттарының, жартылай дайын өнімдердің және дайын өнімдердің органолептикалық, физикалық-химиялық және құрылымдық-механикалық көрсеткіштерін анықтау.
2) Нан, ұнды кондитер өнімдері, дәндік негіздегі қышқыл сүттік сусындардың рецептураларын және өндіру технологияларын дайындау.
3) Наноқұрылымданған дәнді және бұршақты дақылдарды пайдалана отырып функционалды мақсаттағы тамақ өнімдерін жасау технологияларын дайындау.
Текстиль материалдарының технологиялары зертханасы 1) Жеңіл өнеркәсіп бұйымдары үшін материалдардың физикалық-механикалық және гигиеналық көрсеткіштерін анықтау.
2) Жеңіл өнеркәсіп бұйымдары үшін материалдардың электрондық базасын және оларды таңдау алгоритмдерін құру.
3) Текстиль өнеркәсібінің бұйымдары үшін маталарды өңдеудің технологияларын жетілдіру.
Бейорганикалық заттарды синтездеу және талдау зертханасы 1) Наноқұрылымданған каталитикалық жүйелер алу бойынша ҒЗЖ ұйымдастыру және жүргізу.
2) Минералды тыңайтқыштар өндірісінің қалдықтарына экологиялық-геохимиялық талдау жүргізу бойынша ҒЗЖ ұйымдастыру және жүргізу.
Геотехникалық зертхана 1) Топырақтардың физикалық-механикалық сипаттамаларын анықтау.
2) Жаңашыл геотехникалық конструкциялар және құрылыс үшін оларды дайындау технологияларын жасау бойынша ҒЗЖ орындау.
 



 
 

Байланысу


Адрес Казахстан, Тараз, ул. Толе би, 60, корпус 2.1
Телефоны +7 (7262) 45-35-10, fax +7 (7262) 43-24-02
E-mail bekbasarov.isabai@mail.ru
 
При использовании материалов с сайта обратная ссылка обязательна!
© - Наноинженерные методы исследований

Разработано: Агентство "5-й Элемент"
  • 178
  • 7
  • 5

Наверх