ҚАЗақша   РУСский   ENGlish  


logo
 

Ішіндегісі

Саясаты



«Ә.С. Ахметов атындағы Наноинженерлі зерттеу әдістері» инженерлі бейінді ғылыми-зерттеу зертханасы инновациялық технологияларды дамытудың мемлекеттік бағдарламаларының, тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік, республикалық, салалық бағдарламаларының қатысушысы, тамақ инженериясы, құрылыс өндірісі, химия саласы, жеңіл және текстиль өнеркәсібі салаларында жаңа білім мен технологияларды дамытумен және таратумен айналысатын, тамақ шикізаттарының (дән, ұн, жармалар және нан) сынағын жүргізетін, Қазақтан Республикасының ірі, бәсекеге қабілетті ғылыми орталығы болуға талпынады.
«Ә.С. Ахметов атындағы Наноинженерлі зерттеу әдістері» инженерлі бейінді ғылыми-зерттеу зертханасы мынадай негізгі мақсаттар қояды:
- зертхана қызметтеріне тапсырыс берушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыру;
- заң талаптарын орындау;
- сапа менеджменті жүйесін жетілдіру;
- ҚР СТ ИСО\МЭК 17025-2007 стандартының талаптарын орындау;
- зертхананың материалдық-техникалық базасын дамыту және қызметкерлердің кәсіби біліктіліктерін жоғарылату;
- көрсетілетін ғылыми және инженерлік қызметтер аясын кеңейту;
- тамақ және өңдеу өнеркәсіптерінде өсімдік тектес наноқұрылымданған материалдарды қолданудың ғылыми және тәжірибелік негізін құру;
- өсімдік тектес шикізаттардың композитті қоспаларын пайдалану негізінде ұлттық қышқыл сүттік сусынын өндіру бойынша шағын технологиялық желісін жасау;
- инновациялық геотехникалық конструкциялар және олардың Қазақстан құрылыс саласына қолдану технологиясын жасау;
- Теңіз мұнай кен орнынынң күкіртінен күкіртқұрамдас инсектофунгицидтер алу технологиясын дайындау;
- өсімдік тектес талшықтар негізінде жаңа целлюлозалық текстиль материалдарын алудың технологиясын жасау;
- дән, оны өңдеу өнімдері және нан сияқты тамақ өнімдерінің физикалық-химиялық талдау әдістері сынақ зертханасының аккредитациядан өтуі және зертхананың аккредиттеу аясын ары қарай кеңейту;
- микробиологиялық зерттеулер зертханасын (орталығын) құру;
- ғылыми зерттеулердің тиісті салаларында магистерлік, докторлық диссертациялар дайындауға көмек көрсету;
- ғылыми зерттеулерге білімгерлерді, жас оқытушыларды, шетелдік ғалымдарды тарту;
- «Наноинженерлі зерттеу әдістері» инженерлі зерртеу әдістері ғылыми-зерттеу зертханасының ҒЗИ, жоғары оқу орындары мен өндірістік кәсіпорындарға қызығушылығын қамтамасыз ету.
«Біз, «Ә.С. Ахметов атындағы Наноинженерлі зерттеу әдістері» инженерлі бейінді ғылыми-зерттеу зертханасының ұжымы аталған саясатты мүлтіксіз ұстануға және өзімізге жүктелген барлық міндеттерді орындауға дайын екенімізді білдіреміз».
 
 

Байланысу


Адрес Казахстан, Тараз, ул. Толе би, 60, корпус 2.1
Телефоны +7 (7262) 45-35-10, fax +7 (7262) 43-24-02
E-mail bekbasarov.isabai@mail.ru
 
При использовании материалов с сайта обратная ссылка обязательна!
© - Наноинженерные методы исследований

Разработано: Агентство "5-й Элемент"
  • 178
  • 7
  • 5

Наверх